Бүгін Чемпиондар лигасының бірнеше матчы өтеді
Опубликовано:
Бүгін Чемпиондар лигасының бірнеше матчы өтеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Ширек финалдың алғашқы матчында "Манчестер Сити" өз алаңында мюнхендік "Бавария" клубын қабылдайды. Алпауыт клубтар арасындағы кездесу Астана уақытымен 00.45-те басталады деп күтіліп отыр. Қазақстандықтар аталған ойынды Qazsport арнасынан тамашалай алады.
Сонымен қатар түнде "Бенфика" мен миландық "Интер" арасында ойын өтеді. Матч Qazaqstan арнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/football/2016305-bugin-cempiondar-ligasynyn-qandai-matctary-otedi/