Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еуропа лигасы: ширек финалда тамашалауға тұрарлық үздік матчтардың нәтижесі қандай болмақ

Опубликовано:

Еуропа лигасының үздік матчтар
Фото: Parimatch

Чемпиондар лигасы келесі аптада оралатын болады, ал футбол жанкүйерлері одан кем түспейтін Еуропа лигасының керемет ширек финалын тамашалай алады. Кейбір командалар үшін бұл чемпионат маусымды басын тік ұстап аяқтаудың соңғы мүмкіндігі болып отыр. Ертең өтетін турда қандай матчтарды көруге болатынын білу үшін әрі қарай оқыңыз.

Манчестер Юнайтед - Севилья

"Қызыл сайтандар" АПЛ-дың 4-ші сатысына көтеріліп, Эрик Тен Хагтың жетекшілігімен алған алғашқы олжасы - Лига кубогын қанжығасына байлаған. Бапкердің ауысуы және Криштиану Роналдудан бас тартуы командаға пайда әкелгені анық, алайда Премьер-лиганы жеңіп алудағы өршіл жоспарларын жүзеге асыру екіталай болып отыр. Өткізілген 29 турда "Манчестер Юнайтед" тек 44 гол соқты, бұл команданың шабуылындағы қиындықтар туралы айтады. Осының бәріне Еуропа лигасы мен Англия Кубогында қол жетімді жеңістер жұбаныш болуы мүмкін.

"Севилья" қатарынан төрт маусым бойы Ла Лигада 4-ші орында нық ұстанып тұрды, бірақ қазіргі өткізіліп жатқан ойындарда күтпеген жерден 13-ші орынға дейін түсіп кетті. Испаниялықтардың жетістікке жетуінде де үлкен мәселелері бар: өткізілген 28 турда небәрі 33 гол соғылған. Болашақта Чемпиондар лигасына қатысуы екіталай, тек Еуропа лигасына үміт артады, онда "қызыл-ақтар" шынымен де жақсы ойын көрсете алады.

Қызықты фактілер:

  • "Манчестер Юнайтед" өз ойын алаңында қатарынан 24 матчты жеңіліссіз өткізді;
  • "Севилья" - 6 жеңісі бар Еуропа лигасының ең титулды клубы;
  • Қарсыластар ойын алаңында тек 4 рет кездесті: "Севильяның" пайдасына 3 жеңіс және 1 тең ойын.

Parimatch коэффициенттері: Манчестер Юнайтед – 1.39, тең ойын – 5.00, Севилья – 8.60

Ювентус - Спортинг

"Ювентус" А сериясында 7-ші орынға ие және егер командаға қаржылық айла-шарғылары үшін тартып алынған 15 ұпай қайтарылмаса, оған еурокубок аймағынан тыс қалу қаупі бар. Еуропа лигасында клуб әлдеқайда жақсы жұмыс істеп жатыр: чемпионаттың алдыңғы үш матчында құрғақ жеңіске жетті. Алайда, "кәрі синьора" ширек финалға соңғы рет 2013/14 жылдардағы маусымда өткен, ал 1993 жылы жеңіске жетті. Аллегридің шәкірттері турнирде жеңіске жету және Чемпиондар лигасына жолдама алу үшін барлық күш-жігерін салуы тиіс.

"Спортинг" "Арсеналды" пенальти сериясымен 1/8 финалдан сенсациялық түрде шығарып жіберді және 4 орынды иеленіп отырған Примейра лигасынан Чемпиондар лигасына шығу үшін әлі де бәсекеге түсе алады. Бір қарағанда, команданың дайындығы жақсы көрінеді. Алайда, "Спортинг" Еуропа лигасындағы 4 матчының соңғы 3-еуін негізгі уақытта тең есеппен аяқтаған. Команда алаңдағы допты иеленіп, қарсыластың қақпасына қысым жасауды жөн көреді, бұл ұлттық лигада нәтиже беріп отыр. Бірақ жеңісті көздеп отырған "Ювентусқа" қарсы мұндай әдіс іске аспауы мүмкін.

Қызықты фактілер:

  • "Ювентус" өз ойын алаңында өткен соңғы 8 матчты жеңіліссіз өткізді;
  • "Спортинг" өткізілген 11 ресми матчта жеңіліп көрмеді;
  • Командалар ойын алыңында небәрі 3 рет бас түйістірген: "Ювентус" 2 кездесуде жеңіске жетіп, енді біреуі тең есеппен аяқталды.

Parimatch коэффициенттері: Ювентус – 1.78, тең ойын – 3.50, Спортинг – 5.30

Букмекерлік кеңсенің қызметімен айналысу үшін, 31.12.2020 ж. (17.07.2028 жылға дейін жарамды) № 20019733 лицензия, "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті" РММ берілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2016673-europa-ligasy-sirek-finalda-tamasalauga-turarlyq-uzdik-matctardyn-natizesi-qandai-bolmaq/