Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көлік тізгіндеген әйгілі италиялық футболшы трамвайға соқтығысып, ірі жол апатына түсті (видео)

Опубликовано:

қоғамдық көлік
Көрнекі фото: pexels.com

"Лацио" футбол клубының капитаны және Италия құрамасының шабуылшысы Чиро Иммобиле кеше, 16 сәуірде таңертең жол апатына ұшырады, деп хабарлайды RaiNews24.

Куәгерлердің сөзінше, футболшы мінген Land Rover жол талғамайтын көлігі Римнің Прати ауданында трамвайға соғылған. Соның салдарынан машинаның алдыңғы бөлігі қирап, қоғамдық көлік рельстен шығып кеткен.

Иммобиле жарақат алмағанын жеткізген.

"Менің тек қолым ғана ауырып тұр", - деді 33 жастағы футболшы.

Апат кезінде көліктің ішінде Иммобиленің қызы болғаны, оның да зардап шекпегені анықталды. Алайда трамвай жүргізушісі мен тағы екі жолаушы жарақат алып, ауруханаға жатқызылған.

Жол көлік оқиғасы орын алған жерде тәртіп сақшылары тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Куәгерлердің сөзінше, трамвай қиылыста бағдаршамның қызыл түсіне өткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2017021-kolik-tizgindegen-aigili-italiyalyq-futbolsy-tramvaiga-soqtygysyp-iri-zol-apatyna-tusti-video/