Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ливерпуль" сырт алаңда өткен матчта 6 гол соқты (фото, видео)

Опубликовано:

"Ливерпуль" ойыншысы
Фото: TWITTER/Liverpool FC

Футболдан Англия біріншілігінің 31-турында "Ливерпуль" сырт алаңда "Лидс" клубын ірі есеппен ұтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Элланд Роуд" стадионында өткен матчта 1:6 есебі тіркелді.

Гол авторлары: Луис Синистерра - Коди Гакпо, Мохамед Салах (дубль), Диогу Жота (дубль), Дарвин Нуньес.

Осылайша, Юрген Клопптың шәкірттері жеңіске жетіп, үш ұпайды қоржынға салды.

31-турдан кейін "Ливерпуль" 47 ұпаймен сегізінші орында келеді. Көш басында 74 баллмен "Арсенал" тұр.

"Ливерпуль" келесі матчын өз алаңында "Ноттингем Форестке" қарсы өткізеді. Ойын 22 сәуір күні болады деп жоспарланып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2017150-liverpul-syrt-alanda-otken-matcta-6-gol-soqty-foto-video/

pixel