Top.Mail.Ru
Спорт

Зектілері

Футболдан Италия кубогының финалына шыққан командалар анықталды

Жарияланған күні:

Лукаку
Лукаку. Фото: Twitter/UEFA Champions League

Футболдан Италия кубогының финалына шыққан командалар анықталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Түнде Италия кубогының жартылай финалының жауапты кездесуінде "Фиорентина" мен "Кремонезе" тең ойнады. Қос ұжым арасындағы алғашқы матчта "Фиорентина" 2:0 есебімен жеңіске жеткен еді.

Осылайша, флоренциялық клуб Италия кубогының ақтық мәресіне жолдама алды. Енді "Фиорентина" финалда "Ювентусты" жарыс жолынан шығарған миландық "Интермен" шеберлік байқасады. Матч 24 мамырда Рим қаласында өтеді деп жоспарланып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2018640-futboldan-italiya-kubogynyn-finalyna-syqqan-komandalar-anyqtaldy/