Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Севилья" "Романы" ұтып, Еуропа лигасының жеңімпазы атанды

Опубликовано:

футбол
Еуропа лигасының жеңімпаздары. Фото: Twitter/UEFA Europa League

Түнде футболдан Еуропа лигасының финалдық матчы өтті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Будапешт қаласындағы (Венгрия) "Пушкаш Арена" стадионында өткен матчта "Севилья" мен "Рома" кездесті.

Ойындағы есепті Жозе Моуринью жаттықтыратын римдік ұжымның шабуылшысы Пауло Дибала 35 минутта ашты.

Араға жиырма минуттай салып "Севилья" қорғаушысы Джанлука Манчини таразы басын теңестірді.

Бұдан кейін қос клуб алма кезек шабуылға иек артқанымен таблодағы есеп өзгерген жоқ.

Осылайша, тартысты матчтың жеңімпазы пенальти сериясында анықталып, "Ссевилья" Еуропа лигасының жеңімпазы атанды.

Айта кетейік, футболдан Чемпиондар лигасының финалында "Манчестер Сити" мен "Интер" жолығады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2022895-futboldan-europa-ligasynyn-zenimpazy-belgili-boldy/

pixel