jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    Ресейдің атақты футболшысы мен белгілі блогер үйленді (фото)

    Футбол
    Көрнекі фото: pexels.com

    Мәскеулік "Динамо" футбол клубының шабуылшысы Федор Смолов үйленді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Футболшы әлеуметтік желідегі парақшасында ресейлік блогер әрі музыкант Карина Истоминамен үйленгенін жеткізді. Кадрдан Каринаның қолынан неке жүзігін аңғару қиын емес.

    Сонымен қатар блогер де желіде қуанышты сәттен фото жүктеді. Онда Смолов пен Истоминаның неке жүзікпен бірге суретке түскен.

    Бұл 33 жастағы футболшының алғашқы некесі. БАҚ беттерінде екі жас туралы ақпарат бір ай бұрын тараған еді.

    Екі жас
    Скриншот: Instagram/smolovfedor/diamond_april

    Айта кетейік, Федор Смолов 1990 жылы 9 ақпанда өмірге келген. Ол мансабында "Локомотив", "Сельта", "Анжи" және "Фейенорд" секілді клубтарда доп тепкен. Қазіргі уақытта шабуылшы мәскеулік "Динамо" сапында өнер көрсетеді.

    Ол Ресей құрамасы сапында 45 матчта жасыл алаңға шығып, 16 рет мергендігімен көзге түскен.

    Ресейдің атақты футболшысы мен белгілі блогер үйленді (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.