Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Италияның бұрынғы премьер-министрі Сильвио Берлускони қайтыс болды

Жарияланған күні:

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Итаияның экс-премьер-министрі әрі "Милан" футбол клубының бұрынғы президенті Сильвио Берлускони дүние салды. Ол 87 жаста еді, деп жазады corriere.it.

Шетелдік БАҚ таратқан ақпаратқа сәйкес, "Монца" президенті мен "Милан" футбол клубының бұрынғы басшысы Милан қаласындағы Сан-Раффаэль ауруханасында бүгін, 12 маусымда көз жұмған.

Сәуір айында Италияның экс премьер-министрінің лейкемияға шалдыққаны белгілі болған. Ол өткен аптада медициналық мекемеге түскен.

Айта кетейік, Сильвио Берлускони 1936 жылы 29 қыркүйекте Милан қаласында өмірге келген. Оны әлем жұртшылығы Италияның министрлер кеңесінің бұрынғы басшысы, саясаткер және кәсіпкер ретінде біледі.

Ол 1986 жылы ақпан айында "Милан" футбол клубын сатып алды. Оның басшылығымен ұжым сегіз рет Италия чемпионы атанып, бес мәрте Чемпиондар лигасын жеңіп алды.

Сильвио Берлускони "Милан" клубының акциясын 2016 жылы сатып жіберіп, 2018 жылы "Монцаның" басшысы болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2024425-milan-futbol-klubynyn-buryngy-prezidenti-qaitys-boldy/