Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Визасы жоқ Мессиді Бейжің әуежайынан өткізбей қойды

Жарияланған күні:

Месси
Фото: Twitter/Fifa World Cup

Футболдан Аргентина құрамасының шабуылшысы әрі капитаны Лионель Месси Бейжің (Қытай) әуежайында шекаралық бақылаудан өту кезінде қиындыққа тап болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі sport.es сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Әлем футболының жарық жұлдызы, Аргентина құрамасының капитаны Қытай астанасына командаластарымен бірге Аустралиямен жолдастық матч өткізу үшін келген (Екі елдің құрамалары 15 маусым күні ойнайды).

Алайда ол бірінші рет аспан асты еліне кіре алмаған. Белгілі болғандай, Лионель Месси Қытайға испан паспортымен келген (Испания азаматтары Қытайға визасыз кіре алмайды).

Шетелдік БАҚ ұсынған ақпаратқа сәйкес, көші қон қызметі шабуылшыға тездетіп виза жасап берген. Тиісті құжатты Аргентина құрамасының капитаны екі сағаттай уақыт күткен.

Айта кетейік, "Алтын доп" жүлдесін ең көп жеңіп алған футболшының аргентиналық және испан паспорты бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2024430-messidi-beizin-auezaiynda-otkizbei-qoidy-video/