Әуежайда қымыз ішкен Қазақстан құрамасының футболшыларына жұрт риза болды.
Бұл туралы видеоны Қазақстанның футбол федерациясы әлеуметтік желідегі парақшасында жариялап, "Қымыз ішу әрқашан да жақсы идея" деген жазба қалдырды.
Кадрдан ұшаққа отырар алдында бір топ ойыншының қымыз ішкенін аңғару қиын емес. Олардың арасында Бақтиер Зайнутдинов, Ян Вороговский және Темірлан Ерланов бар.
Бұны көрген желі оқырмандары Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншыларына алғыс айтып, алдағы матчтарға сәттілік тіледі.
"УЕФА көрмесін мощный допинг ішкендеріңді", "Тоқсан минут бойы жылқы сияқты шабыңдар", "Қымыз өте пайдалы", "Жетістікке жетудің құпиясы - қымыз секілді", "Ұлттық сусынды насихаттап жатқан футболшыларға рақмет. Жеңіс тілеймін", "Жарайсыңдар", "Ян Вороговскийге ерекше риза болдым. Бір деммен тартып жіберді", "Қымызды ішіп алып, ұтылып ақлсаңдар ұят болады", - деді олар.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы маусым айында 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде сырт алаңда екі матч өткізеді.
16 маусым күні Магомед Адиев командасы Сан-Мариномен Италияның Парма қаласында кездеседі.
Ойын "Эннио Тардини" стадионында елорда уақытымен 00:45-те басталады.
Үш күннен кейін ұлттық құрама Солтүстік Ирландиямен ойнайды.
Кездесудің басталуы Астана уақытымен 00:45-ке жоспарланған. Матч Белфаст қаласы, "Уиндзор Парк" стадионында өтеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2024917-uefa-kormesin-usaqqa-otyrar-aldynda-qymyz-isken-otandyq-futbolsylarga-zurt-riza-boldy-video/
Мұнда әзірге ешкім пікір қалдырмады Тағы да оқыңыздар
Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.