Біздің команда топ фавориттерінің бірі мәртебесінде Белфастқа келді, ал алаң иелері қандай да бір жолмен жеңіске жетуді көздейді. Магомед Адиевтің шәкірттері еңселерін көтеріп, бар күш-жігерін салуы тиіс. Әсіресе көңілге жағымды бір жағдай, Солтүстік Ирландияны ешкім айқын фаворит деп санап отырған жоқ, оны Қазақстан құрамасына ұсынылып отырған коэффициенттен байқауға болады.
Parimatch сарапшысы Айдын Қожахмет алдағы шайқасқа қатысты өз болжамын бөлісті.
Солтүстік Ирландия
Қоржындарында небәрі 3 ұпай және топтағы 5-ші орын командаға деген көзқарасы алданышты болуы мүмкін: Солтүстік Ирландия футболшыларының көбісі Англияда – Премьер-лигада және Чемпионшипте ойнап жатыр. Оның құрамында айтарлықтай атақты жұлдыздар жоқ, бірақ топтың басты фавориті - Дания - 3 күн бұрын Мартин О'Нилдің жігіттеріне қарсы матчта Копенгагенде біраз тер төгуге тура келген.
Британдықтар өз ойын алаңдарында 3 ұпай алып қалуға тырысып бағатыны анық. Сонымен қатар, құрамы толық - команданың барлық негізгі ойыншылары сапта.
Қазақстан
Біздің команда матчтарға көптен бері мұндай жауынгерлік дайындықпен келмеген: егер командаға келгенге дейін саптан шығып қалған "Астананың" жартылай қорғаушысы Аслан Дарабаевты есепке алмасақ, көшбасшылар шайқасқа барлық 100 пайызға дайын. Абат Айымбетов өзінің ойыннан шеттетілгенін өтеп болды, сондықтан, бәлкім, алаңға алғашқы минуттардан бастап шығып қалады деген ойдамын.
Егер Қазақстан қонақ алаңында жеңіске жете алса, онда біз ЕУРО-ның соңғы бөлігіне шығу туралы ойды өрбіте аламыз. Иә, әзірге тек қиялдай аламыз, бірақ Солтүстік Ирландияны жеңсек, осы арманға жақындай түсетініміз анық. Ең болмаса бір қадам алға басамыз.
Жеке кездесулер тарихы
Мұнда айтатын ештеңе жоқ, өйткені командалар алаңда бас түйістіріп көрген емес.
Матчқа болжам
Менің ойымша, бұл шайқастың нәтижесі төмендеу болып өтеді, өйткені екі команданың шабуыл әлеуеті мықты емес, бірақ олар қорғаныста үйлесімді әрекет ете алады. Сондықтан мен матчтың жалпы тоталын 2,5-тен аз алуға кеңес беремін. Менің Parimatch-тағы серіктестерім бұл оқиғаға 1.66 коэффициентін ұсынып отыр.
Статистика әуесқойлары үшін мен алаң иелерінің орындауындағы бұрыштық соққыларды алуды ұсына аламын. Олар көп болады.
Parimatch мамандары Солтүстік Ирландия-Қазақстан матчына келесідей болжам жасайды:
Солтүстік Ирландия - 1.64, тең ойын - 3.75, Қазақстан - 6.10
Parimatch-пен ЕУРО- ны тамашалап, басты матчтарға ұтыс тігіңіз де шотты алғашқы толтырғаныңыз үшін +100 пайыз бонус алыңыз.
Букмекерлік кеңсенің қызметімен айналысу үшін, 31.12.2020 ж. (17.07.2028 жылға дейін жарамды) № 20019733 лицензия, «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ берілген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2025454-soltustik-irlandiya-qazaqstan-aidyn-qozaxmettin-osy-teketireske-qatysty-bolzamy/