Әйгілі португалиялық бапкер Жозе Моуринью тағы да жайсыз қылығымен көзге түсті. Бұл жолы ол төрешіге тіл тигізген, деп жазады ТАСС агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Еуропа футбол қауымдастықтарының одағы (УЕФА) италиялық "Романың" бас бапкері Жозе Моуриньюді бас төрешіні тілдегені үшін төрт ойыннан шеттеті.
Испандық "Севилья" және италиялық "Рома" арасында өткен Еуропа лигасының финалында Энтони Тэйлор төрелік еткен болатын.
Моуринью УЕФА ұйымдастыратын алдағы төрт матчқа қатыса алмайды.
Еуропа лигасының финалы 31 мамыр күні Будапештте өтіп, пенальти сериясында "Севилья" жеңіске жетті. Матчтан соң Моуринью "Рома" ойыншыларына жеті сары қағаз көрсеткен Тэйлорды мазақтаған болатын.
Сондай-ақ "Рома" жанкүйерлері стадионда тәртіп бұзғаны үшін клубқа 50 мың еуро көлемінде айыппұл салынды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2025916-uefa-finalda-toresige-til-tigizgen-zoze-mourinyuge-qatal-zaza-qoldandy/
Мұнда әзірге ешкім пікір қалдырмады Тағы да оқыңыздар
Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.