Футболдан Англия құрамасының ойыншысы Букайо Сака Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккен 26 отбасыға көмектесті. Бұл туралы Sports.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Футболшы қайырымдылық жобасына қатысып, Түркияның шығысындағы Адыяман, Қархраманмараш және Малатья қалаларында жер сілкінісінен зәбір көргендерге баспана жағынан көмектесті.
Ол 26 жанұяға жатын және қонақ бөлмесі, жуынатын және ас бөлмесі бар контейнерлер сатып әперген.
"Басында баспанасы бар әр адам өзін бақыттымын деп айта алады. Алапат жер сілкінісі бұл адамдардың керегін тартып алды. Оларға көмектесу мен үшін үлкен мәртебе", - деді 21 жастағы "Арсенал" ойыншысы.
Айта кетелік, ақпан айында Түркия мен Сирияда жойқын жер сілкінісі болды. Табиғат апатынан Түркияда 55 мыңнан аса адам көз жұмды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2025939-angliya-quramasynyn-oiynsysy-turkiyada-zer-silkinisinen-zardap-sekken-26-otbasyny-quantty/
Мұнда әзірге ешкім пікір қалдырмады Тағы да оқыңыздар
Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.