Өткен аптада Түркістан облысының клубы Ақтөбедегі кездесуде жеңілістен бір қадам қалып, ойынның соңғы минуттарында жағдайларын түзетіп үлгеріп, сенсация жасады. Енді сол қарсыластар, айна күнтізбесінің қалауы бойынша, араларындағы қарым-қатынасты қайта анықтауы тиіс. Бірақ бұл жолы ол Шымкентте өтеді. Алаң иелері өздерінің жетістіктерін дамытуға бел буады, ал "қызыл-ақтар" болса, "әттең-ай" деген қателерін түзетуге және 3 ұпай жинау үшін жолға шығады.
Parimatch сарапшысы Айдын Қожахмет алдағы текетіреске қатысты болжамын бөлісті.
"Мақтаарал"
Қайрат Нұрдәулетов бас бапкер лауазымына келгеннен кейін "Мақтаарал" жағдайы айқын өзгеріске ие болды. "Қайратты" үй алаңында жеңгендерінің өзі үлкен жетістік. Осыдан кейін қонақ алаңында "Қайсарды" да жеңіп шықты. Сондықтан "Ақтөбені" жеңіл шайқас күтіп тұр деп есептеуге болмайды.
Жазғы ауысым терезесі ашылғанға дейін екі легионер – Петрос Аветисян мен Джуниор Кабананга басқа клубтарда бағын сынау мақсатымен "мақташылардан" кетті. Сондай-ақ "Оқжетпеске" жартылай қорғаушы Дәурен Жұмат өтіп алды. Бірақ команданың сапында жаңа ойыншылары да бар. Құрамға шабуылшы Серж Ньюиадзи мен грузиялық жартылай қорғаушысы Лаша Парунашвили қосылды. Олардың екеуі де сенбіде алаңға шығуға дайын.
"Ақтөбе"
"Қызыл-ақтар" өткен турда ұпай жоғалтқанына қарамастан, чемпиондық үшін күресуге бел буып отыр. Қазақстан Премьер-Лигасының екінші айналымында "Ақтөбе" негізгі бәсекелестерімен барлық кездесулерін үй алаңында өткізеді. Жарыстан шеттетіліп қалмас үшін олар "Мақтааралды" қалай болса да жеңуі керек. Кейбір орындаушылардың жарақаттарына қарамастан, мұны іске асыруға болады. Қорғаушы Даниил Пенчиков маусымның соңына дейін жете алмай, шығып қалды, Андерсон Ньянгбо мен Эдер Сантанада белгілі бір ыңғайсыздық бар. Арман Кеңесов та кетуге жақын қалды. Бірақ, "қызыл-ақтардың" шабуыл жасау сапы оларсыз да мықты болып көрінеді.
Жеке кездесулер тарихы
Бұған дейін аталған клубтар бір-бірімен 7 рет бас түйістірген екен. "Ақтөбе" жеңісті қанжығаларына үш рет байлаған, бірақ оны бірде – бір рет қонақ алаңында жасап көрген емес. Матчтар екі рет тең есеппен аяқталып, өткен жылы "мақташылар" "қызыл-ақтарды" жеңе алған. Ол Қазақстан Кубогында болған еді.
Мачтқа болжам
Шындығын айтқанда, матч жеңімпазын алдын-ала болжау қиынға соғады. Алаң иелері шыңдауда, ал "Ақтөбенің" ішкі проблемалары тым көп. Кездесудің фавориті мәртебесіне қарамастан, Андрей Карповичтің командасы жеңіске оңай жете алады деп айту қиын. Сондықтан мен ұтыс тігудің "иә-екеуі де гол соғады"нұсқасын ұсынуға тәуекел етемін. Менің Parimatch-тағы серіктестерім бұл нұсқаны 1.77 коэффициентімен бағалап отыр.
Parimatch мамандары ойын нәтижесіне келесідей болжам жасайды:
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2026849-maqtaaral-aqtobe-aidyn-qozaxmettin-saiqasqa-qatysty-bolzamy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.