
Мадридтік "Реал" Карим Бенземаның орнына жаңа капитан сайлады. Бұл туралы Спорт-экспресс сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
"Реал" 2023/24 жылғы маусымда капитандық міндетті атқаратын төрт футболшының есімін ресми түрде жариялады.
Шабуылшы Карим Бензема клубтан кеткен соң, капитандық қызмет Начоға жүктеледі.
Сондай-ақ жаңа маусымда Лука Модрич, Дани Карвахаль және Тони Кросс клуб капитаны міндетін атқарады.
Айта кетелік, мадридтік команда қатарынан үшінші маусымды жаңа капитанмен бастап отыр. 2021 жылы Серхио Рамос "ПСЖ" сапына ауысса, өткен жылы Марселло "Олимпиакос" клубына кетті.
Содан соң Бензема "Әл-Иттихад" құрамын толықтырған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2026954-karim-benzema-ketken-son-realdyn-zana-kapitany-sailandy/
Пікірлер жүктелуде