Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Астана" клубы Чемпиондар лигасының ойыны алдында Грузияда жаттығу жасады (видео)

Опубликовано:

Абат Айымбетов
Абат Айымбетов, Аслан Дарабаев және Ян Вороговский. Фото: "Астана" футбол клубының баспасөз қызметі

"Астана" футбол клубы Грузияның астанасы Тбилиси қаласында жаттығу жұмыстарын жасады.

Бұл туралы видеоны елордалық ұжым Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялап, "Тбилисиден жалынды сәлем" деген жазба қалдырды.

Кадрдан "Астана" клубының ойыншылары ойын алдында Борис Пайчадзе атындағы "Динамо-Арена" стадионында дайындық жұмыстарын жасағанын байқауға болады.

"Динамо" - Грузия чемпионатын ең көп жеңіп алған клуб (19 рет Грузия біріншілігін ұтқан). Сонымен қатар тбилисилік ұжым ел кубогының он үш дүркін жеңімпазы.

Команда 1925 жылы бірінші қыркүйекте құрылған.

"Динамо" футбол клубының стадионы Борис Пайчадзе атындағы "Динамо-Арена" деп аталады. Аталған кешен 55 мың жанкүйерді қабылдай алады.

Айта кетейік, ертең, 19 қаңтарда Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінің жауапты матчы аясында "Динамо" мен "Астана" кездеседі. Қос команда арасындағы "Астана аренада" өткен алғашқы матч 1:1 есебімен аяқталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2029084-astana-kluby-cempiondar-ligasynyn-oiyny-aldynda-gruziyada-zattygu-zasady-video/

pixel