jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Қазақстан құрамасының капитаны Лео Игитаның анасы қайтыс болды

    Игита
    Игита. Фото: instagram/kazfutsal

    Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Лео Игитаның анасы көз жұмды. Бұл туралы футбол федерациясының ресми Instagram арнасында хабарланды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Қазақстан футбол федерациясы футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Лео Игитаның анасының қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып, көңіл айтады. Орны толмас қазаңызға ортақпыз. Асыл анаңыздың арты қайырлы болсын!", - делінген көңіл айту жазбасында.

    Лео Игитаның анасы 58 жасында көз жұмған. Ойыншының анасы неден қайтыс болғаны әзірге айтылар емес.

    Игита футзалдан әлемдегі үздік қақпашылардың бірі. Ол мұндай атақты бес жыл бойы иеленген.

    Қазіргі таңда Лео Игита футзалдан "Қайрат" клубы мен Қазақстан құрамасының қақпашысы.

    Ол 2013 жылдан бері Қазақстан намысын қорғайды.

    Қазақстан құрамасының капитаны Лео Игитаның анасы қайтыс болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.