Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тобыл" финляндиялық клубты жеңіп, Конференция лигасының келесі кезеңіне шықты

Опубликовано:

"Тобыл" ойыншысы
"Тобыл" ойыншысы. Фото: "Тобыл" клубының баспасөз қызметі

Қостанайлық "Тобыл" Конференция лигасының келесі кезеңіне шықты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Конференция лигасының алғашқы айналымында отандық клуб финляндиялық "Хонка" клубымен шеберлік байқасты.

Қостанай қаласында өткен алғашқы ойында алаң иелері 2:1 есебімен жеңіске жеткен еді.

Қос команда арасындағы қарымта матч Вантаа қаласында өтті.

"Хонка" мен "Тобылдың" футболшылары 90 минут бойы қақпаның кілтін таба алған жоқ. Нәтижесінде қостанайлық клуб конференция лигасының келесі айналымына жолдама алды.

Енді "Тобыл" азулы "Базель" командасымен ойнамақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2029501-tobyl-finlyandiyalyq-klubty-zenip-konferenciya-ligasynyn-kelesi-kezenine-syqty/

pixel