Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Барселона" клубында жұлдызы жанған тағы бір ойыншы Мессидің жаңа командасына қосылды

Опубликовано:

Барселона
Жанкүйерлер стадионның алдында. Фото: pexels.com

"Барселона" футбол клубы сапында көп титул жеңіп алған Жорди Альба "Интер Майами" ойыншысы атанды.

Бұл ақпаратты "Интер Майами" клубыны Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында растады.

Белгілі болғандай, Жорди Альба америкалық ұжым сапына еркін агент ретінде қосылған.

34 жастағы қорғаушы мен Дэвид Бекхэмнің командасының қанша жылға келісімшартқа отырғаны әзірге белгісіз.

Жорди Альба бұған дейін "Барселона" клубынан келісімшартының аяқталуына байланысты кеткен еді.

Ол католониялық ұжымда 2012 жылдан бастап доп теуіп, Испания чемпионаты мен кубогын, Чемпиондар лигасын және тағы басқа көптеген жүлде жеңіп алған.

Айта кетейік, жақында "Интер Майами" клубы ресми түрде Лионель Мессидің АҚШ чемпионатында (MLS) доп тебетінін хабарлады. Сонымен қатар ұжым сапына Серджи Бускетс де қосылған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2029530-barselona-klubynda-zuldyzy-zangan-tagy-bir-oiynsy-messidin-zana-komandasyna-qosyldy/

pixel