23 шілдеде Калифорниядағы "Левайс" стадионында ең қызықты жолдастық матчтардың бірі өтеді. Жаңа маусымның алдында "Барселона" мен "Ювентус" өз күштерін тексеріп көрмек. Бұл кездесудің фавориті кім? Parimatch сарапшылары өз болжамын бөлісті.
"Барселона"
Өткен маусым каталондықтар үшін бірмәнді болмады. Бір жағынан, "көк-анар түстілер" Ла Лигада бәсекелестерді үлкен басымдықпен жеңіп, ешкімді байқамай өтті. Дегенмен Испания Кубогын қанжығасына байлай алмады: Хавидің командасы түбегейлі қарсыласы мадридтік "Реалға" жартылай финалда жеңіліп қалды. Еурокубоктарда тіпті жолы болмады: басында "блауграна" Чемпиондар лигасының плей-оффына өте алмады, ал содан кейін Еуропа лигасының 1/16-да "Манчестер Юнайтедтен" жеңіліп, ұшып кетті.
Соңғы 2 маусымда каталондықтар чемпиондық команданы құру үшін өз құрамын түп негізімен жаңартты. Тенденция әлі де өз жалғасын табуда және осы трансферлік терезеде: көп жыл бойы капитаны болған Серхио Бускетстің орнына "Манчестер Ситиден" Илкай Гюндоган келді. Неміс бас түйіні дортмунддық "Боруссиядан" бері өзіне таныс Роберт Левандовски болып табылатын "Барсаның" шабуылдаушы үлгісіне құйып қойғандай болуы тиіс. Бірақ шабуылға көбірек көңіл бөлінуіне қарамастан, команда жақсы қорғана алды, оған Ла Лиганың маусымында өткізіп алған 20 доп куә.
"Ювентус"
"Кәрі синьораға" 22/23 маусым тіпті жағымсыз болды. Команда А сериясында жемқорлық жанжалдың салдарынан 10 ұпайдан айрылып, 7 орында мәре сызығын кесіп өтті, ал Чемпиондар лигасында плей-оффқа шыға алмады. "Зебралар" Италия Кубогында және Еуропа лигасында жақсы ойынды көрсетті, бірақ ол жерден де олжалы болмады: қос рет туриндіктер жартылай финалда сүрініп кетті.
Криштиану Роналду кеткеннен кейін басталған қайта құру әлі жалғасып жатыр: осы маусым аралығында командадан тәжірибелі Анхель Ди Мария кетті. Кіріс трансферлерінен "Лилльден" келген Тимоти Веаны және "Марсельден" Аркадиуш Миликті өтеп алуды айтса болады. Өткен маусымда поляк "зебралардың" шабуылында Душан Влаховичтен кейінгі екінші опция болған. Бірақ шабуылдағы екі аса мықты форвардқа қарамастан, "бьянконеридің" футболын "қорғану, тек қана қорғану", ал кейде тіпті "автобус" деуге болады.
Parimatch ұсынған сараптау және коэффициенттері
Қос команда жаңа маусымда үздік ойынын көрсетуге оқтаулы. Сөйтсе де Parimatch сарапшыларында фаворит болып "Барселона" атануда: оның жеңісіне коэффициент 1.95 тең, ал "Юведе" - 3.50. Ойынның тең есеппен аяқталу мүмкіндігі де аса төмен - 3.95.
Матч жолдастық мәртебесін иеленуде, ол дегеніміз "автобустан" шықпай отыру мәнсіз болып қалады, яғни бізді шабуылдарға толы матч күтпек. Parimatch сарапшыларының ойынша: "тотал 2.5-тен артыққа" коэффициент 1.69-ға тең. Қос клуб гол салатынының мүмкіндігі де баршылық - 1.63, "қос қоманда салмайдыға" 2.20.
"Барселона" мен "Ювентус" матчын қолда және және Parimatch-пен бірге жарқын эмоциялардан ләззат ал! Жаңа ойыншылар үшін арнайы бонус қолжетімді - алғаш толықтыруға +100%. Ал да игілігіңе жұмса!
Букмекерлік кеңсенің қызметімен айналысу үшін, 31.12.2020 ж. (17.07.2028 жылға дейін жарамды) № 20019733 лицензия, "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті" РММ берілген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2029630-barselona-yuventus-grandtar-qansalyqty-zana-mausymga-daiyn/