Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еуропа Лигасы: "Астана" сырт алаңда ірі есеппен ұтылып, жарысты аяқтады

Опубликовано:

Астана футбол клубы
Астана футбол клубы. Фото: fcastana.kz

"Астана" сырт алаңда "Лудогорец" клубынан ірі есеппен ұтылып, Еуропа Лигасының іріктеу кезеңінен шығып қалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Еуропа Лигасына іріктеу турнирінің үшінші айналымында "Астана" болгариялық "Лудогорец" клубына қарсы ойнап, сырт алаңда жеңіліс тапты.

Қарымта матчта қазақстандық клуб 1:5 есебімен ұтылды. "Астана" сапынан 29-минутта Дембо Дарго гол соқса, қарсыластардан Бернард Текпетей мен Якуб Петровский дубль жасап, Кирилл Десподов бір голмен көзге түсті.

8 тамыз күні Астанада өткен матчта қазақстандық команда 2:1 есебімен жеңіске жеткен еді. Алайда бұл басымдықты Бабаян шәкірттері ұстап тұра алмады.

Екі матч қорытындысы бойынша 6:3 есебімен алға шыққан "Лудогорец" жарысты әрі қарай жалғастырады.

Ал "Астана" Конференция лигасының плей-офф кезеңіне қатысады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2032939-europa-ligasy-astana-syrt-alanda-iri-eseppen-utylyp-zarysty-ayaqtady/

pixel