jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    "Тарихи сәт": Бактиер Зайнутдинов "Бешикташ" сапындағы алғашқы ойынын өткізіп, жеңіс голын соқты (видео)

    Бактиер Зайнутдинов
    Бактиер Зайнутдинов. Фото: instagram.com/bateka_11

    Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бактиер Зайнутдинов Түркияның "Бешикташ" командасы сапындағы алғашқы ойынын өткізіп, бірінші голын соқты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    Агенттік жазуынша, бұл тарихи сәт түркиялық клубтың Конференция лигасы плей-офф сатысында Украинаның "Динамо Киев" клубына қарсы кездесуде тіркелген.

    Қазақстандық футболшы екінші кезеңнің 46-минутында командаласы Артур Масуакуды алмастырған. Конго Демократиялық Республикасының футболшысы бірінші кезеңде алған жарақатына байланысты ойынды жалғастыра алмаған.

    Кездесудің 95-минутында Бактиер Зайнутдинов қарсылас команда қақпасын дәл көздеп, жеңіс голын соққан.

    Осылайша, кездесу 3:2 есебімен "Бешикташтың" жеңісімен аяқталған.

    Қарымта кездесу 31 тамызда болады.

    Айта кетсек, Бактиер Зайнутдинов стамбұлдық клубпен осы жылдың 18 тамызында келісімшартқа қол қойды. Ол 2027 жылдың 30 маусымына дейін жаңа команданың құрамында өнер көрсетеді.

    "Тарихи сәт": Бактиер Зайнутдинов "Бешикташ" сапындағы алғашқы ойынын өткізіп, жеңіс голын соқты (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.