jitsu gif
Спорт

    Криштиану Роналду футбол тарихындағы ерекше рекордқа қол жеткізді

    Криштиану Роналду
    Криштиану Роналду. Фото: iffhs.com

    Криштиану Роналду тағы бір рекордқа түзету енгізді. Ол ұлттық чемпионаттарда ең көп гол соққан футболшы атанды, деп хабарлайды футбол тарихы мен стастикасы Халықаралық федерациясының ресми сайты.

    Сауд Арабиясының "Әл Наср" клубында ойнайтын Роналду 29 тамыз күні "Әл Шабаба" қақпасына екі гол соқты.

    Осы голдың арқасында 38 жастағы португалдық ойыншы чехословакиялық Йозеф Бицан мен венгриялық Ференц Пушкашты артта қалдырды.

    Роналуддың еншісінде 517 гол бар, ал Бицан мен Пушкаш 515 голдан соққан.

    Аталған үш ойыншы ұлттық чемпионаттарда 500-ден аса гол соққан бірегей футболшылар саналады. Әлем чемпионы Лионель Месси 496 голмен төртінші орында келеді.

    Қазір Сауд Арабиясында ойнайтын Криштиану Роналду Португалия, Англия, Испания, Италия чемпионаттарында доп тепкен.

    Криштиану Роналду футбол тарихындағы ерекше рекордқа қол жеткізді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.