Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Конференция лигасының топтық кезеңіндегі "Астана" командасының қарсыластары анықталды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Астана футбол клубы
Астана футбол клубы. Фото: fcastana.kz

Бүгін, 1 қыркүйекте Монакода қазақстандық "Астана" футбол клубының қатысуымен УЕФА Конференция лигасының топтық кезеңінің жеребе тарту рәсімі өтті деп хабарлайды NUR.KZ.

"Астана" еуропалық доданың топтық кезеңіне жолдама алған қазақстандық жалғыз клуб. Жеребе қорытындысы бойынша елордалық клуб "С" тобында сынға түседі.

Қазақстан құрамасының қарсыластары: "Динамо Загреб" (Хорватия), "Виктория Пльзень" (Чехия), "Балкани" (Косово).

Командалардың топтарға бөлінуі төмендегідей:

А тобы: "Лилль" (Франция), "Слован" (Чехия), "Олимпия" (Словения), "Клаксвик" (Фарер аралдары).

В тобы: "Гент" (Бельгия), "Маккаби Тель-Авив" (Израиль), "Заря" (Украина), "Брейдаблик" (Исландия).

С тобы: "Динамо Загреб" (Хорватия), "Виктория Пльзень" (Чехия), "Астана" (Қазақстан), "Балкани"(Косово).

D тобы: "Брюгге" (Бельгия), "Будё-Глимт" (Норвегия), "Бешикташ"" (Түркия), "Лугано" (Швейцария).

E тобы: "Алкмаар" (Нидерланд), "Астон Вилла" (Англия), ""Легия" (Польша), ""Зриньски» (Босния және Герцоговина).

F тобы: "Ференцварош" (Венгрия), ""Фиорентина" (Италиия), "Генк" (Бельгия), "Чукарички" (Сербия).

G: "Айнтрахт" (Германия), ПАОК (Грекия), ХИК (Финляндия), "Абердин" (Шотландия).

Н тобы: "Фенербахче" (Түркия), "Лудогорец" (Болгария), "Спартак Трнава" (Словакия), "Нордшелланн" (Дания).

Еске салайық, іріктеудің плей-офф кезеңінде "Астана" командасы албаниялық "Партизани" клубынан басым болды.

Бірінші тур 21 қыркүйекте өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2034969-konferenciya-ligasynyn-toptyq-kezenindegi-astana-komandasynyn-qarsylastary-anyqtaldy/