jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық төрешілер УЕФА Чемпиондар лигасының матчтарында қызмет етпек

    Қазақстандық төреші
    Қазақстандық төреші. Фото: kff.kz

    Қазақстандық төрешілер УЕФА Чемпиондар лигасының матчтарында қызмет етеді. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясы мәлімдеді.

    6 және 9 қыркүйекте әйелдер арасындағы УЕФА Чемпиондар лигасының бірінші турының матчтары өтеді.

    Аталған сында "Аполлон" (Кипр), "Люботен" (Солтүстік Македония), "Мура" (Словения) және "Самегрело" (Грузия) командалары ойнайды.

    6 қыркүйекте өтетін "Аполлон" – "Люботен" арасындағы жартылай финалдық кездесудің бас төрешісі Татьяна Сорокопудова болса, бұл ойынға ассистент болып Динара Ыдырысова тағайындалды.

    9 қыркүйек күні жартылай финалда жеңілген қос команда арасындағы кездесуде бас төрешінің көмекшісі Динара Ыдырысова болады. Төртінші төреші қызметін Татьяна Сорокопудова атқарады.

    Ойындар Словениядағы Sportni Park Radenci және Fazanerija City стадиондарында өтеді.

    Қазақстандық төрешілер УЕФА Чемпиондар лигасының матчтарында қызмет етпек

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.