Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Біз дос емеспіз": Криштиану Роналду Мессимен арадағы текетірес аяқталғанын мәлімдеді

Опубликовано:

Месси мен Роналду
Месси мен Роналду. Фото: goal.com

Португалиялық Криштиану Роналду аргентиналық Лионель Мессимен арадағы текетірес аяқталғанын айтты. Бұл туралы Record басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Екеуара қарсылық аяқталды. Бұл жақсы текетірес болды. Криштиануды жақсы көретіндердің Мессиді жек көруі міндетті емес, керісінше де солай. Бұл екеуі де жақсы немесе өте жақсы ойыншылар. Олар футбол тарихын өзгертті, өзгертіп те жатыр. Бізді бүкіл әлем құрметтейді, ең бастысы - осы.

Ол өзінше, мен өзінше әрекет етіп жатырмыз. Байқауымша, онда бәрі жақсы сияқты. Менде де бәрі жақсы. Біз 15 жыл бойы сахнаны бөлістік. Біз доспыз дей алмаймын, бірақ біз әріптеспіз және бір-бірімізді құрметтейміз", - деді футболшы.

Роналду 38 жаста. Ол "Алтын доптың" бес дүркін иегері, Чемпиондар лигасының бес дүркін жеңімпазы, Еуропа чемпионы.

Футболшы Португалия, Англия, Испания, Италия чемпионаттарында ойнады. Қазіргі таңда Сауд Арабиясының "Әл Наср" клубында доп тебеді.

Ол ұлттық чемпионаттарда соғылған голдар саны жөнінен әлемдік рекорд орнатқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2035661-biz-dos-emespiz-kristianu-ronaldu-messimen-aradagy-teketires-ayaqtalganyn-malimdedi/

pixel