Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев матчтан кейінгі баспасөз конференциясында Қазақстанның Финляндиядан сәл ғана ұтылғандығына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Матчтан кейінгі баспасөз конференциясында ұлттық құраманың бас бапкері кейбір ойыншыларға қатысты пікір білдіріп, жалпы ойын нәтижесі заңды болғанын айтты.
"Біз әр түрлі ойнаймыз деп жоспарлаған едік. Матчты бір схемамен бастап, екінші схемамен аяқтайтын боламыз ба деп ойладық. Олардың әрекетін тоқтатуға тырыстық. Бірінші таймда үстіңгі қатардан мүлдем демеу болған жоқ. Айымбетов үстіңгі жақта болуы керек еді. Ал ортасындағы адамдар астынан жүгіріп өтуге тиіс болатын. Бірақ жалпы біз де бірнеше қауіпті жағдайларды туындаттық.
Екінші таймда Оразов пен Самородовтың арқасында ойынды тірілте алдық. Басқаша шабуылдай бастады. Меніңше, олардың жеңілгені анық, намыспен жеңілді. Ойынның нәтижесін таблодағы есеп анықтайтыны сөзсіз, бірақ белгілі бір уақытта бұл ойын тең нәтижеге келе жатқан болатын. Алайда өкінішке қарай олар гол соқты, біз соға алмадық", - деді Магомед Адиев.
Еске салсақ, өз алаңымыздағы екінші ойын жексенбі күні, 10 қыркүйекте "Астана Аренада" өтеді. Қазақстан Солтүстік Ирландияға қарсы ойнайды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2035764-olar-gol-soqty-biz-soga-almadyq-magomed-adiev-futboldan-finlyandiyamen-otken-kezdesudin-natizesi-turaly-aitty/