jitsu gif
Спорт

    Криштиану Роналду өзінің бұрынғы клубын сотқа берді

    Криштиану Роналду жасыл алаңда
    Криштиану Роналду. Фото: instagram/cristiano

    Әйгілі португалиялық футболшы Криштиану Роналду Италияның "Ювентус" клубына қарсы сот процесін бастады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі La Gazzetta dello Sport басылымына сілтеме жасап.

    Роналду туриндік клубты коронавирус пандемиясы кезінде жалақысын төлемегені үшін сотқа берген. Басылым дерегінше, клуб португалиялыққа бейресми келісім негізінде 19,9 млн еуро шамасында қарыз.

    Пандемия кезінде "Ювентус" команданың кейбір ойыншыларымен, атап айтқанда, Роналдумен құпия келісім жасасты. Ойыншылар уәде етілген ақшаны уақыт өте алу үшін жалақыларын қысқартуға келісті. Бұл ретте Роналдуға басқа клубқа кетсе де, ақша аударуға уәде етілген, бірақ ол ақшаны алмаған көрінеді.

    Айта кетсек, қазіргі таңда Криштиану Роналду Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубында өнер көрсетеді.

    Криштиану Роналду өзінің бұрынғы клубын сотқа берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.