jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    Қазақстан футбол федерациясы президенті ұлттық құраманың ойыншыларымен кездесті

    Әділет Барменқұлов
    Әділет Барменқұлов. Фото: Қазақстан футбол федерациясы

    Қазақстан футбол федерациясы президенті Әділет Барменқұлов Дания және Финляндияға қарсы матчтар қарсаңында ұлттық құраманың ойыншылары мен бапкерлерімен кездесті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ федерацияның ресми Instagram парақшасына сілтеме жасап.

    Әділет Барменқұлов футболшылардың жағдайын сұрап, оқу-жаттығу процесіне қызығушылық танытты. Федерация басшысы ел намысын қорғайтын спортшыларға алдағы матчтарда сәттілік тіледі.

    Федерация басшысы мен ұлттық құрамамен кездесуде
    Федерация басшысы мен ұлттық құрамамен кездесуде. Фото: Қазақстан футбол федерациясы

    Айта кетейік, бүгін команда Копенгаген қаласына жол тартады. Магомед Адиевтің ойыншылары 14 қазан күні Дания құрамасына қарсы матч өткізеді. Кездесу Копенгаген қаласында "Паркен" стадионында болады. Ойын Астана уақытымен 00:45-те басталады.

    Футболдан Қазақстан құрамасы
    Футболдан Қазақстан құрамасы. Фото: Қазақстан футбол федерациясы

    Ал 17 қазан күні ұлттық құрамамыз Хельсинки қаласында Финляндия командасымен бақ сынасады. Матч "Олимпиястадионда" сағат 22:00-де өтеді.

    Қазақстан футбол федерациясы президенті ұлттық құраманың ойыншыларымен кездесті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.