jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Чемпиондар лигасы: "Қайрат" футзал клубы алғашқы ойынын сырт алаңда өткізеді

    Игита жаттығу кезінде
    Игита жаттығу кезінде. Фото: Instagram/afckairat

    Алматылық "Қайрат" 26 қазан күні футзалдан чемпиондар лигасының осы жылғы маусымындағы алғашқы ойынын өткізеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Алматылық футзал клубы чемпиондар лигасы аясында сырт алаңда люксембургтық "Диффердэнж" командасымен күш сынасады. Кездесу Испанияның Пальма-де-Мальорке қаласында өтеді.

    Қазақстандық команданың матчын Qazsport телеарнасының тікелей эфирінде көруге болады. Кездесу Астана уақытымен 21:40-та басталады.

    Айта кетейік, футзалдан Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінің матчтары 24-29 қазан аралығында өтеді.

    Үшінші топта алматылық "Қайрат", "Диффердэнж" (Люксембург), "Халадаш" (Венгрия) және "Пальма" (Испания) командаларымен кездеседі. Топтан алғашқы үштікке кірген командалар элиталық раундқа өтеді.

    Чемпиондар лигасы: "Қайрат" футзал клубы алғашқы ойынын сырт алаңда өткізеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.