jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    "Реалдың" бұрынғы ойыншысы Бахтиер Зайнутдинов жайлы пікір білдірді

    Бахитер Зайнутдинов матч кезінде
    Бахтиер Зайнутдинов. Фото: Vasile Mihai-Antonio/Getty Images

    "Реал Сосьедад", "Вильярреал", "Бешикташ" сияқты еуропаның топ ұжымдарының бұрынғы ойыншысы Нихат Кахведжи қазақстандық футболшы Бахтиер Зайнутдиновтың ойыны жайлы пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ NutSpor youtube арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Түркия ұлттық құрамасының бұрынғы бапкері Нихат Кахведжи "Бешикташ" пен "Газиантеп" арасындағы ойыннан кейін отандасымыздың ойынына баға берді.

    "Егер Бахтиер клубта шабуылшыға жақын ойнаса, 20-25 метр жерден оп-оңай гол соға алады. Оның соққысы өте жойқын. Тек қақпаға соққы бағыттауға ұтымды позиция таңдай алса болғаны. Бірінші таймда керемет мүмкіндігі болды. Ұлттық құрама сапында да жойқын соққысының арқасында гол салып жүргенін көріп жүрміз", - деді Кахведжи.

    Айта кетейік, WhoScored.com порталының дерегі бойынша "Газиантапқа" қарсы матчта Бахтиер Зайнутдинов 8,0 деген ұпай жинаған. Одан жоғары балды тек әріптесі Окслейд-Чемберлейн жинаған (8,4).

    "Реалдың" бұрынғы ойыншысы Бахтиер Зайнутдинов жайлы пікір білдірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.