jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    "Астана" футбол клубы өз алаңында маңызды бір ұпайға қол жеткізді

    Бас бапкер Григорий Бабаян
    Бас бапкер Григорий Бабаян. Фото: Goran Stanzl/Pixsell/MB Media/Getty Images

    УЕФА Конференция лигасының топтық кезеңінің 4-туры аясында елордалық "Астана" мен косовалық "Балкани" командалары кездесті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    9 қараша Астана қаласында Конференция лигасының топтық кезеңінің 4-туры аясында қазақстандық "Астана" мен косовалық "Балкани" ұжымдары 0:0 есебімен тең түсті. Бұл ойын "С" тобының турнирлік кестесіне өзгеріс енгізді.

    Қазақстанда өткен ойыннан кейін, астаналықтар 4 ұпаймен турнирлік кестенің 2-орынына жайғасты. Алайда 9 қарашаға осы топтың тағы матчы жоспарланған. 9 ұпаймен көш басында тұрған "Виктория Пльзень" командасы өз алаңында 4-орындағы "Динамо Загребті" қабылдайды.

    Елордалық клуб Конференция лигасының топтық кезеңіндегі 4 ойында қарсылас қақпасына 4 гол салып, өз қақпаларына 8 гол жіберіп алды.

    Айта кетейік, топтық кезеңде бірінші орын алған ұжым Конференсия лигасының 1/8 кезеңіне өтсе, екінші орындағы клуб 1/16 кезеңіне жолдама алады.

    "Астана" футбол клубы өз алаңында маңызды бір ұпайға қол жеткізді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.