jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстан ұлттық құрамасына Еуропа чемпионатының жолдамасы бұйырмады

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы
    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы. Фото: Jurij Kodrun - UEFA/UEFA via Getty Images

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Словения командасынан жеңіліп, 2024 жылғы Еуропа чемпионатына шыға алмады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Бүгін, 20 қараша футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңінде сырт алаңда Словения құрамасына қарсы матч өткізді. Іріктеу ойындарының 10-туры аясындағы кездесу Словения құрамасының пайдасына шешілді (2:1).

    Ойынның 41-минутында қазақстандықтардың қақпасына пенальти белгіленген еді. Словения құрамасының шабуылшысы Беньямин Шешко 11 метрлік айып добын сәтті орындап, есеп ашты. Ал екінші таймның басында Максим Самородовтан пас қабылдаған Рамазан Оразов қарсылас қақпасына дәл соққы бағыттап, таразы басын теңестірді. Негізгі уақыттың аяқталуына 4 минут қалғанда Беньямин Вербич командасының жеңісті голын салып, Словения ұлттық құрамасына Еуропа чемпионатының жолдамасын тарту етті.

    Айта кетейік, қазақстандық футболшылар іріктеу ойындарында 10 матч өткізіп, 18 ұпай жинады. Жалпы есепте үшінші орын алған Қазақстан ұлттық құрамасы кәрі құрлықтың дүбірлі додасына жолдама ала алмады.

    Қазақстан ұлттық құрамасына Еуропа чемпионатының жолдамасы бұйырмады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.