jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    Ресми: Еуро-2024 іріктеу кезеңінде Асхат Тағыбергеннің голы үздік деп танылды

    Асхат Тағыберген
    Асхат Тағыберген. Фото: BO AMSTRUP/Ritzau Scanpix/AFP via Getty Images

    УЕФА Еуро-2024 іріктеу турниріндегі үздік голын анықтады. Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Асхат Тағыбергеннің Дания қақпасына соққан голы ең көп дауыс жинап, үздік атанды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ УЕФА-ның ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    УЕФА футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Асхат Тағыбергеннің Дания қақпасына соққан голын Еуро-2024 іріктеу турниріндегі үздік деп таныды. Дауыс беру нәтижесі бойынша Асхат бірінші орында. Екінші және үшінші орынды Албания ұлттық құрамасының ойыншылары бөліп алды.

    Қазақстандық футболшыдан бөлек Жан Випотник (Словения), Эмин Махмудов (Әзербайжан), Юнус Акгюн (Түркия), Килиан Мбаппе (Франция), Ясир Асани (Албания), Кристьян Аслани (Фарер аралдары), Букайо Сака (Англия), Сандро Вольфингер (Лихтенштейн), Леандро Троссар (Бельгия) соққан голдары да үздіктер қатарында болған еді.

    Айта кетейік, Асхат Тағыберген маусым қорытындысы бойынша үздік гол авторына беретін "Пушкаш" трофейіне де үміткерлер қатарында.

    Ресми: Еуро-2024 іріктеу кезеңінде Асхат Тағыбергеннің голы үздік деп танылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.