Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сарапшылар: "Виктория" мен "Астана" арасындағы шайқаста гол саны аз болады

Опубликовано:

Parimatch
Фото: Parimatch

"Астана" Пльзеньнен келген чехиялық "Викторияға" қарсы конференциялар Лигасындағы топтық кезеңнің шешуші матчына дайындалуда. Бұл кездесуден нені күтуге болады — сарапшылармен талқылап көрейік.

“Виктория Пльзень”

Ең дәмді Чех сырасын дайындаумен танымал болған бұл қаланың командасы конференция Лигасында тамаша көрсеткіштерге қол жеткізіп отыр. 5 матчта 15 ұпай, плей-оффқа мерзімінен бұрын шықты. Ал Чехия чемпионатында болса жағдай аса керемет емес: Мирослав Коубектің командасы үшінші орында және көшбасшылық етіп отырған "Спартаны" қуып жету мүмкіндігі жоқ сияқты. Алайда бастысы бұл емес. Алғашқы 6 команда плей-оффқа қатысып, өзара титул үшін шайқасатын болады.

Конференциялар лигасына келер болсақ, "Викторияның" турнирлік уәждемесі болмаса да, топтық турнирді жүз пайыздық нәтижемен аяқтаудан бас тартпайтыны анық. Сарапшылар чехтерге артықшылық беріп отыр: олардың жеңіске жету коэффициенті-1.64-ке бағаланған.

“Виктории Пльзеньнің” соңғы матчтары (4-1-0, 13-3)

  • Чехия чемпионаты. “Виктория Пльзень” - “Ческе Будеевице” 5:0
  • Чехия чемпионаты. “Млада Болеслав” - “Виктория Пльзень” 1:3
  • КЛ. “Балкани” - “Виктория Пльзень” 0:1
  • Чехия чемпионаты. “Градец-Карлове” - “Виктория Пльзень” 1:1
  • Чехия чемпионаты. “Сигма Оломуц” - “Виктория Пльзень” 1:3

“Астана”

"Астана" ойыншыларының дайындығы қандай екенін тек қана болжай аламыз. ҚПЛ қазан айында аяқталды, сондықтан тек конференциялар лигасының матчтары бойынша қорытынды жасай аламыз. Ондағы жағдайы айтарлықтай қиындау. "Викторияны" жеңіп қана қоймай, загребтік "Динамосы" "Балканимен" өтетін матчында ұпай жоғалтуға тиіс. Сарапшылар қазақстандық командаға қатысты ұстамды оптимизм танытуда. "Астана" жеңілмейді" нәтижесінің коэффициенті — 2.26-ға бағаланған.

“Астананың” соңғы матчтары (2-2-1, 5-3)

  • КЛ. “Астана” - “Динамо Загреб” 0:2
  • КЛ. “Астана” - “Балкани” 0:0
  • ҚПЛ. “Шахтер Караганда” - “Астана” 1:1
  • КЛ. “Балкани” - “Астана” 1:2
  • ҚПЛ. “Астана” - “Жетысу” 2:1

Болжам

Екі команда да еурокубокта қандай да бір керемет нәтиже көрсетпеген. Сарапшылар бұл матчтан аса көп гол күтпеуге болатынын болжап отыр. "Тотал үштен аз" коэффициенті-1.64-ке тең.

*Букмекерлік кеңсенің қызметімен айналысу үшін, 31.12.2020 ж. (17.07.2028 жылға дейін жарамды) № 20019733 лицензия, "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті" РММ берілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2050880-sarapsylar-viktoriya-men-astana-arasyndagy-saiqasta-gol-sany-az-bolady/

pixel