Бүгін, 18 желтоқсан УЕФА қауымдастығының Ньон қаласындағы (Швейцария) штаб-пәтерінде Чемпиондар лигасының 1/8 финалының жеребе тарту рәсімі өтті. Плей-офф кезеңіне жолдама алған 16 команда қарсыластарын анықтады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ УЕФА қауымдастығының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Чемпиондар лигасының 1/8 финалында кездесетін командалардың тізімі:
- "Порту" (Португалия) – "Арсенал" (Англия);
- "Наполи" (Италия) – "Барселона" (Испания);
- "ПСЖ" (Франция) – "Реал Сосьедад" (Испания);
- "Интер" (Италия) – "Атлетико Мадрид" (Испания);
- ПСВ (Нидерланд) – "Боруссия" (Германия);
- "Лацио" (Италия) – "Бавария" (Германия);
- "Копенгаген" (Дания) – "Манчестер Сити" (Англия);
- "РБ Лейпциг" (Германия) – "Реал" (Испания).
Айта кетейік, алғашқы ойындар 13, 14, 20 және 21 ақпан күндері, ал қарымта матчтар 5, 6, 12 және 14 наурызда өтеді. Турнирдің финалы 2024 жылы 1 маусымына жоспарланған. Соңғы кездесу Лондондағы "Уэмбли" стадионында өтеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2051344-uefa-cempiondar-ligasynyn-18-finalynyn-zerebesi-tartyldy/