jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Рамазан Есмағамбетов
    Рамазан Есмағамбетов
    Бұрынғы қызметкер
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    "Наполи" – "Барселона": Чемпиондар лигасының 1/8 финалының жеребесі тартылды

    Чемпиондар лигасының жеребе тарту рәсімі
    Чемпиондар лигасының жеребе тарту рәсімі. Фото: FABRICE COFFRINI/AFP via Getty Images

    Бүгін, 18 желтоқсан УЕФА қауымдастығының Ньон қаласындағы (Швейцария) штаб-пәтерінде Чемпиондар лигасының 1/8 финалының жеребе тарту рәсімі өтті. Плей-офф кезеңіне жолдама алған 16 команда қарсыластарын анықтады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ УЕФА қауымдастығының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Чемпиондар лигасының 1/8 финалында кездесетін командалардың тізімі:

    • "Порту" (Португалия) – "Арсенал" (Англия);
    • "Наполи" (Италия) – "Барселона" (Испания);
    • "ПСЖ" (Франция) – "Реал Сосьедад" (Испания);
    • "Интер" (Италия) – "Атлетико Мадрид" (Испания);
    • ПСВ (Нидерланд) – "Боруссия" (Германия);
    • "Лацио" (Италия) – "Бавария" (Германия);
    • "Копенгаген" (Дания) – "Манчестер Сити" (Англия);
    • "РБ Лейпциг" (Германия) – "Реал" (Испания).

    Айта кетейік, алғашқы ойындар 13, 14, 20 және 21 ақпан күндері, ал қарымта матчтар 5, 6, 12 және 14 наурызда өтеді. Турнирдің финалы 2024 жылы 1 маусымына жоспарланған. Соңғы кездесу Лондондағы "Уэмбли" стадионында өтеді.

    "Наполи" – "Барселона": Чемпиондар лигасының 1/8 финалының жеребесі тартылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.