Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ордабасы", "Шахтер": Қазақстан футбол федерациясы Премьер лиганың талабына сай емес клубтарды атады

Жарияланған күні:

"Ордабасы" футбол клубы
"Ордабасы" футбол клубы. Фото: fcordabasy.kz

Қазақстан футбол федерациясы келесі маусымға лицензия алу үшін барлық талапты орындамаған клубтарды атады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан футбол федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Кәсіби футбол клубтарын жыл сайынғы лицензиялау процесі 1 желтоқсанда басталды. Оның қорытындысы бойынша клубтар Премьер лига командалары арасындағы футболдан ҚР Чемпионаты, Бірінші лига командалары арасындағы ҚР Біріншілігі және Екінші лига командалары арасындағы ҚР Біріншілігіне қатысуға рұқсат алады. Клубтарға құқықтық, қаржылық, әкімшілік-кадрлық, спорттық, сондай-ақ инфрақұрылымдық талаптар қойылады.

Қазіргі кезде Премьер лигадағы талаптарға сай емес клубтар арасында астаналық "Жеңіс", талдықорғандық "Жетісу", қарағандылық "Шахтер", шымкенттік "Ордабасы", Түркістандық "Мақтаарал" бар.

Бірінші лигадағы талаптарға сай келмейтіндер – түркістандық "Арыс", шымкенттік "Қыран" , ақтаулық "Каспий", тараздық "Тараз", жезқазғандық "Ұлытау" футбол клубы.

Ал екінші лигаға лицензия алу кезінде барлық талапты орындамаған 2 клуб бар. Олар: алматылық "Академия 05" және Алматы облысының "ILE-Saulet" футбол клубы.

Қазақстан футбол федерациясының мәліметінше, футбол клубтары лицензиялау процесін орындамаған жағдайда лицензиялау жөніндегі Комиссия лицензия бермеу туралы шешім қабылдайды. Соңғы шешім талдау мерзімі аяқталғаннан соң белгіленген мерзімге сәйкес жарияланады. Лицензиялау процесі 2024 жылдың ақпанында аяқталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2052685-ordabasy-saxter-qazaqstan-futbol-federaciyasy-premer-liganyn-talabyna-sai-emes-klubtardy-atady/