Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Хосеп Гвардиола "жылдың үздік бапкері" атанды

Жарияланған күні:

Хосеп Гвардиола
Хосеп Гвардиола. Фото.: instagram.com/pepteam

Халықаралық футбол тарихы және статистикасы федерациясы (IFFHS) 2023 жылдың үздік бапкерлерінің тізімін жасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ IFFHS ұйымының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

IFFHS нұсқасы бойынша жылдың ең үздік бапкері - "Манчестер Ситидің" жаттықтырушысы Хосеп Гвардиола. Ол 281 ұпаймен тізімде бірінші орында тұр. Екінші орынға "Реал Мадрид" бапкері Карло Анчелотти жайғасса (56 ұпай), "Наполи" клубын жаттықтырған Лучано Спаллетти (53) үздік үштікті түйіндеді.

Әрі қарай Симоне Индзаги (51), Фернандо Диниз (33), Микель Артета (30), Хави (26), Анге Постекоглу (12), Унаи Эмери (8) және Юрген Клопп (6) тізімге іліккен.

Айта кетейік, 51 жастағы Гвардиола "Манчестер Ситиге" 2016 жылдың жазынан бері басшылық етіп келеді. Оның арқасында англиялық клуб осы жылы Англия чемпионатын, Англия кубогын, Чемпиондар лигасын, Еуропа суперкубогын және клубтық Әлем чемпионатын жеңіп алды.

Бұған дейін Гвардиола "Бавария" және "Барселона" клубтарына бапкер болды. Ол 2009 және 2011 жылдары да "жылдың үздік бапкері" атағын алды.

Еске салайық, IFFHS ұйымы "жылдың үздік футболшысын" анықтаған еді. Ол атақты "Манчестер Сити" командасы мен Норвегия құрамасының шабуылшысы Эрлинг Холанд иеленген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2053321-xosep-gvardiola-zyldyn-uzdik-bapkeri-atandy/