Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Манчестер Сити" ойыншысы жылдың үздік футболшысы атанды

Опубликовано:

Футболшы Эрлинг Холанд
Футболшы Эрлинг Холанд. Фото: Robbie Jay Barratt / Getty Images

Халықаралық футбол тарихы және статистикасы федерациясы (IFFHS) 2023 жылдың үздік 10 футболшысын атады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ IFFHS ұйымының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

IFFHS ұйымының нұсқасы бойынша 2023 жылдың ең үздік футболшысы - "Манчестер Сити" командасы мен Норвегия құрамасының шабуылшысы Эрлинг Холанд. Ол 208 ұпаймен тізімде бірінші тұр. Екінші орынға Килиан Мбаппе (Франция, ПСЖ) жайғасса, үшінші орын Лионель Мессиге (Аргентина, "Интер Майами") бұйырыпты.

Төртінші орында Родри (Испания, "Манчестер Сити"), бесінші орында Джуд Беллингем (Англия, "Реал Мадрид"), алтыншы орында Кевин де Брюйне (Бельгия, "Манчестер Сити"), жетінші орында Гарри Кейн (Англия, "Бавария"), сегізінші орында Бернардо Сильва (Португалия, "Манчестер Сити'), тоғызыншы орында Винисиус Жуниор (Бразилия, "Реал Мадрид") және оныншы орында Лаутаро Мартинес (Аргентина, "Интер") тұр.

Ал португалиялық футболшы Криштиану Роналду тізімнен көрінбеді.

Айта кетейік, Халықаралық футбол тарихы және статистикасы федерациясы (IFFHS) "әлемнің үздік футболшысы" атағын 1988 жылдан бері тағайындап келеді. 2020-2021 жылы "жыл футболшысы" атағын Роберт Левандовски алса, 2022 жылы Лионель Месси иеленді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2052919-mancester-siti-oiynsysy-zyldyn-uzdik-futbolsysy-atandy/

pixel