Қазақстан ұлттық құрамасының қақпашысы Игорь Шацкий Transfermarkt порталының нұсқасы бойынша Орта Азияның ең қымбат қақпашыларының тізіміне енді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Transfermarkt.world порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Тізімде Тәжікстан ұлттық құрамасының және "Истиклол" командасының қақпашысы Рустам Есімов көш бастап тұр. Ол 900 мың еуроға бағаланды.
Қазақстан ұлттық құрамасы мен қарағандылық "Шахтер" командасының қақпашысы Игорь Шацкийдің нарықтағы трансферлік бағасы 600 мың еуроны құрап, 4-орында тұр.
Өткен маусымда Игорь "кеншілер" үшін 26 матч өткізді. Сондай-ақ ЕУРО-2024 турниріне іріктеу кезінде Қазақстан құрамасының барлық ойындарында 90 минуттан ойнады.
Орта Азияның ең қымбат қақпашыларының тізімі:
1. Рустам Ятимов (Тәжікстан ұлттық құрамасы/"Истиклол") – 900 мың еуро;
2-3. Уткир Юсупов (Өзбекстан ұлттық құрамасы/"Коканд 1912") – 700 мың еуро;
2-3. Абдувохид Нематов (Өзбекстан ұлттық құрамасы/"Насаф") – 700 мың еуро;
4. Игорь Шацкий (Қазақстан ұлттық құрамасы/"Шахтёр") – 600 мың еуро;
5. Эржан Токотаев (Қырғызстан ұлттық құрамасы/"Шанлыурфаспор") – 300 мың еуро;
6. Расул Чарыев (Түркіменстан ұлттық құрамасы/"Ахал") – 175 мың еуро.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2053461-igor-sackii-orta-aziyadagy-en-qymbat-qaqpasylar-tiziminde-uzdik-bestikke-endi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.