Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейлік "Ахмат" футбол клубы Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысымен қош айтысады

Жарияланған күні:

Марат Быстров
Марат Быстров. Фото: kff.kz

"Ахмат" командасының спорт директоры Руслан Газаев футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Марат Быстров командадан кететінін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Sport24.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Келісімшарт екі тараптың өзара келісімі бойынша бұзылады. Быстров еркін агент ретінде жаңа командаға тегін ауыса алады. 31 жастағы футболшының трансферлік құны 700 мың еуроны құрайды.

Қазақстандық футболшы "Ахмат" құрамасы үшін 2020 жылдың тамыз айынан бастап өнер көрсеткен еді. Марат Быстров осы маусымда 7 матчқа қатысып, барлық турнирлерде ешқандай жақсы нәтиже көрсете алмағанымен қатар, бір қызыл қағаз алған.

Айта кетейік, осыған дейін футболшы ресейлік "Металург", "Челябинск", "Тамбов" командаларында және қазақстандық "Астана", "Тобыл", "Ордабасы" құрамаларында өнер көрсеткен еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2054034-reseilik-axmat-futbol-kluby-qazaqstan-ulttyq-quramasynyn-oiynsysymen-qos-aitysady/