jitsu gif
Спорт

    Қазақстан Премьер лигасының чемпионы оқу-жаттығу жиындарын Түркияда өткізеді

    "Ордабасы" футбол клубы
    "Ордабасы" футбол клубы. Фото: instagram.com/fc__ordabasy

    Шымкенттік "Ордабасы" футбол клубы жаңа маусымға дайындықты Түркияда бастайды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Ордабасы" футбол клубының Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Шымкенттік клуб 9-31 қаңтар аралығында Түркияның Белек қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізбек. Жиын аясында бірқатар жолдастық кездесу жоспарланған. Қарсыластар мен ойындардың өтетін күні кейін хабарланады.

    Айта кетерлігі, "Ордабасы" ойыншылары Шохбоз Умаров пен Бобир Әбдіхоликов 12 қаңтар мен 10 ақпан аралығында өтетін Азия кубогында Өзбекстан құрамасының намысын қорғайды.

    Еске салайық, "Ордабасы" футбол клубы 2023 жылы тарихта тұңғыш рет Қазақстан чемпионы атанған еді. Шымкенттік команда ел Премьер лигасының 25-турында қарағандылық "Шахтерді" 3:1 есебімен жеңді. Шешуші ойында "Ордабасы" сапынан Айбар Жақсылықов, Шахбоз Умаров және Артем Беседин гол соққан болатын.

    Қазақстан Премьер лигасының чемпионы оқу-жаттығу жиындарын Түркияда өткізеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.