jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ДҒ
    Динара Ғалым
    Бұрынғы қызметкер

    "Тобыл" футбол клубы негізгі құрамдағы қақпашысымен қош айтысты

    Футболшы Игорь Коновалов
    Игорь Коновалов. Фото: ČTK /imago sportfotodienst/©INPHO/Laszlo Geczo

    Қостанайлық "Тобыл" командасы негізгі құрамдағы қақпашысы Иван Коноваловпен қоштасты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Metaraitings.ru порталына сілтеме жасап хабарлайды.

    "Тобыл" футбол клубы мен Иван ортақ шешім бойынша арадағы келісімшартты тоқтатты. 29 жастағы ресейлік футболшы Игорь Коноваловтың агенті Станислав Станиславский осы мәселеге қатысты пікірін айтты.

    "Ресейлік футболшылар еурокубоктарға қатысу үшін виза алуда қиындықтарға тап болады. Ал "Тобыл" Еуропа лигасының іріктеу кезеңіне қатысады. Сондықтан басшылық пен футболшы тәуекелге бармай, осындай шешім қабылдады және өзара шешім бойынша келісімшартты тоқтатты. Қазір басқа футбол клубтарын қарастырып жатырмыз, бірақ әзірге ештеңе айта алмаймыз", – деді Станиславский.

    Айта кетейік, Игорь Коновалов шотландиялық "Лингвистон" клубынан "Тобыл" құрамасына 2023 жылдың ақпанында қосылған еді. Игорь 28 матчта қостанайлықтардың қақпасына 31 доп жіберіп алды.

    "Тобыл" футбол клубы негізгі құрамдағы қақпашысымен қош айтысты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.