Opta Analyst суперкомпьютері футболдан Азия кубогын жеңуі мүмкін құрамаларды таңдады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Opta Analyst сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Opta Analyst болжамы бойынша, Азия кубогындағы ең басты фаворит – Жапония ұлттық құрамасы. Суперкомпьютер бұл команданың мүмкіндігін 24,6 пайызға бағалап отыр. Жапониялықтар осыған дейін Азия кубогын 4 рет жеңіп алған. Бұл турнир рекорды.
"Жапония құрамасы кем дегенде жартылай финалға дейін барады", – деп болжады Opta Analyst.
Ал чемпион болуы мүмкін командалар тізімінде екінші орында Оңтүстік Корея (14,3 пайыз) тұр. Бұл құрама жарыстың соңына дейін барып, Жапонияға басты қарсылас болады деп болжанды. Оңтүстік Корея 1956 және 1960 жылдары Азия кубогын иеленген еді.
Әрі қарай Иран (11,2 пайыз) мен Аустралия (10,7 пайыз) тізімді толықтырған. Сауд Арабиясы (10,6 пайыз) да кубокқа үміткерлер қатарына кірген. Ал жарыс қожайындары Қатар құрамасының жеңуге 9,8 пайыз мүмкіндігі бар деп болжанды.
Айта кетейік, футболдан Азия құрлығының кубогы 12 қаңтар мен 10 ақпан аралығына жоспарланған. 24 құрама бақ сынайтын дода Қатар мемлекетінде өтеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2054725-zaponiya-ontustik-koreya-iran-futboldan-aziya-kubogynyn-basty-favoritteri-kim/