Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда легионер футболшылар саны азайса не болмақ: ұлттық құрама бапкері пікір білдірді

Жарияланған күні:

Футбол добы
Футбол добы. Көрнекі фото: pexels.com

Қазақстандық футбол ардагері Болат Есмағамбетов Қазақстан Премьер лигасындағы легионерлерге арналған лимит жойылғаннан кейінгі туындауы мүмкін мәселелерді айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Sports.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

"Менің ойымша, енді негізгі басымдық легионерлерге жасалады. Шетелден жергілікті ойыншылардан айырмашылығы жоқ футболшылар келуі мүмкін. Мұның бәрі көңіл қуантпайды. Бюджеттік ақшаға шетелдік футболшылар мен жаттықтырушыларды толығымен асырайтын боламыз.

Легионерлер мен қазақстандық футболшылар үшін жалақы шегін енгізу қажет. Егер бұл біреудің көңілінен шықпаса, басқа чемпионаттарға кете берсін. Қазақстандық футболдың басты мәселелері шетте қалып отыр. Легионерлердің лимитін жою – үлкен мәселе емес", – деді маман.

Айта кетейік, енді қазақстандық клубтар матчқа бірден 11 легионер шығара алады, бірақ командалардың өтінімдерінде 13 қазақстандық футболшы болуы тиіс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2055004-qazaqstanda-legioner-futbolsylar-sany-azaisa-ne-bolmaq-ulttyq-qurama-bapkerinin-pikiri/