Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Барселона" – "Осасуна": Испания Суперкубогының екінші финалисі кім болады

Жарияланған күні:

"Барселона" футбол клубы.
"Барселона" футбол клубы. Фото: Cristian Trujillo/Quality Sport Images/Getty Images

Бүгін, 11 қаңтарда Испания Суперкубогының жартылай финалында "Барселона" мен "Осасуна" клубтары кездеседі. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Жартылай финалдық ойын Сауд Арабия астанасы Эр-Риядта өтеді. Матч Астана уақытымен түнгі 01:00-де басталады.

Қазір "Барселона" клубы Испания Ла Лигасының кестесінде "Реал" мен "Жиронадан" 7 ұпайға қалып, 3-орында тұр (41 ұпай). Ал "Осасуна" 22 ұпаймен 12-орында келеді.

"Барселона" осы уақытқа дейін Испания Суперкубогын 14 рет жеңген. Ал "Осасуна" клубы бірде-бір рет чемпион атанбаған.

Бүгінгі ойында жеңген команда финалда "Реал Мадридке" қарсы ойнайды. Еске салайық, "Реал" командасы "Атлетиконы" 5:3 есебімен жеңіп, ақтық бәсекеге жолдама алған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2055041-barselona-osasuna-ispaniya-superkubogynyn-ekinsi-finalisi-kim-bolady/