Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Магомед Адиев лондондық "Арсеналдың" түлегін ұлттық құрама сапына қосқысы келмейтінін айтты

Жарияланған күні:

Магомед Адиев
Магомед Адиев. Фото: kff.kz

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев грек футболшысы Илиас Хадзитеодоридисті натурализациялап, командаға қосуға қарсы екенін ашық айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ meta-ratings.kz порталының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

"Мен ұлттық құрамаға сырттан футболшы қосқым келмейтінін қайталаудан шаршамаймын. Бұл сұрақты қоюдың ешқандай мәні жоқ. Сіздер менен қандай пікір күтесіздер? Баяғы жартас сол жартас демекші, айналдырып келіп бір мәселені қозғай бересіздер. Мен натурализацияға қарсы адамдар қатарындамын. Біз қарамағымызда бар футболшылармен ғана өнер көрсетеміз", – деді Адиев.

Құрама сапына натурализация арқылы келіп қосылады деп күтілген Илиастың ата-анасы Түркістан облысында туып-өскен. Ал футболшының өзі Грекияның Катерини қаласында дүниеге келген.

26 жастағы қорғаушы “Арсеналдың” түлегі. Лондондық команданың жастар құрамасында 2016 жылға дейін ойнаған. Кейін "Брентфорд", "Челтнем Таун" клубтарында өнер көрсетті. Англиядан кейін Хадзитеодоридис "Панатинаикос" клубында төрт маусым ойнап, алғашқы екі жылында негізгі құрамда өнер көрсеткен. Содан соң "Панетоликос" құрамасына ауысып, Грекия чемпионатында 12 матч өткізді. Илиас Грекия ұлттық жастар құрамасында ойнады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2055717-magomed-adiev-londondyq-arsenaldyn-tulegin-ulttyq-qurama-sapyna-qosqysy-kelmeitinin-aitty/