Франциялық "ПСЖ" футбол клубы Килиан Мбаппе келісімшарт мерзімін ұзартса, футболшыға жылына 100 миллион еуро жалақы төлеуге дайын екенін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ AS порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Франция ұлттық құрамасының футболшысы Мбаппенің "ПСЖ" клубымен келісімшарты осы жылдың жазында аяқталады.
Дереккөздің ақпараты бойынша, мадридтік "Реал" Мбаппеге әр маусым үшін 30 миллион еуро ұсынған. Бұл жалақы "ПСЖ" клубының ұсынысынан әлдеқайда аз. Десе де бұл мадридтік команда үшін клубтағы ең жоғары жалақы болмақ.
"Реал Мадрид" Килиан Мбаппенің жалақысы мен клубтағы өзге ойыншылардың еңбегі үшін төленетін ақша арасында қатты айырмашылық болғанын қаламайды. Сондықтан франциялық шабуылшымен келісімшарт жасасқан кезде, көп мөлшерде бонус төлеуді жоспарлап отыр.
Десе де Килиан Мбаппе болашағы туралы нақты шешім қабылдамады. Әзірге "ПСЖ" футбол клубының намысын қорғап жүр. Ал париждік команда Франция чемпионатының турнирлік кестесінде 43 ұпаймен 1-орында тұр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2055807-mbappe-kelisimsart-merzimin-uzartsa-psz-zylyna-100-million-euro-zalaqy-toleitini-ras-pa/