Италиялық "Рома" футбол клубына Даниэле Де Росси бас бапкер болып тағайындалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Рома" командасының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
18 жыл "Рома" сапында ойнаған Даниэле Де Росси енді осы команданың бас бапкері атанды. Ол 2024 жылдың 30 маусымына дейін клубпен келісімшарт жасаcты.
Де Росси алғаш рет "Ромаға" 2000 жылы жасөспірім шағында келген. Кейін 2001 жылы команда сапында дебют жасады. Ол италиялық клуб құрамында барлығы 616 матч өткізіп, 63 голмен көзге түсті.
Футболдан кеткен соң Де Росси Италия ұлттық құрамасының жаттықтырушылар құрамына қосылды. Кейін ол "CПАЛ" клубында бас бапкер қызметін атқарған болатын.
Еске салайық, осыған дейін Жозе Моуриньо "Рома" футбол клубындағы қызметінен босатылғанын жазғанбыз. Бұл командаға Жозе 2021 жылдың мамырында бас бапкер болып тағайындалған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2055838-roma-futbol-klubyna-zana-bapker-tagaiyndaldy/